Семинар

2023 жылдың 1 желтоқсан күні «Әдістемелік кабинет» КММ жоспарына сәйкес №49 «Думан» бөбекжай-балабақшасында «Мектеп жасына дейінгі балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беруде жеті ойыншықты қолдану тиімділігі» тақырыбында педагогикалық ринг өткізілді. Шараны қалалық білім бөлімінің әдіскері Миндалина Г.У. ашты.
Педагогикалық рингтің мақсаты: мектепке дейінгі балаларға рухани адамгершілік тәрбие беруде жеті аймақтағы ойындарды түрлендіріп өткізу бойынша педагогтердің тәжірибе алмасуына ықпалдастық жасау.
Аталмыш шарада ,№ 49 «Думан» бөбекжай-балабақшасы тәрбиешілері Акилбекова Жанат Елтаевна, Бақытова Назерке Сергейқызы, Шонаева Амангүл Мұстафақызы өз жұмыстарымен бөлісті.
Педагогикалық ринг барысында балабақша тәрбиешілері мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие беруде жеті ойыншықты қолданудың тиімділігі айтылып, түрлі әдістермен ойындар ойналып, тәжірибе алмасты. Педагогикалық ринг соңында QR код арқылы кері байланыс жасалды.

2024 жылдың 22 қаңтары күні «Әдістемелік кабинет» КММ жоспарына сәйкес №49 «Думан» бөбекжай-балабақшасында «Заманауи тәрбиешінің бала тәрбиесіндегі жаңашылдығы» тақырыбында шебер класс өтті.
Шебер класста «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық байқауының 2 орын иегері С.Б.Узакбаеваның мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдарымен тәжірибе алмасу мақсаты көзделді.
«Әдістемелік кабинет» бөлім меңгерушісі Г.У.Миндалина шебер-классты педагогтердің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру бойынша баяндамасымен ашты.
С.Б.Узакбаева өзінің тәжірбиесімен бөлісу барысында күнделікті қолданып жүрген әдіс-тәсілдерін жаңа форматта кіріктірілген «Ақсүйек» квест ойыны арқылы көрсетті. Шебер классқа қатысушылар үздік тәрбиешінің топ ішіндегі заттық кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысып, сонымен қатар «Педагог қоржыны» атты көрме галереясына шолу жасады. Шебер класс соңында қатысушылардан QR код арқылы кері байланыс алынды. Балабақшаның инстаграмм парақшасында шебер класс тікелей эфир жүргізілді. Қатысушылар алғыстарын білдіріп, жақсы пікірлерімен бөлісті.

🔰 Мектепке дейінгі ұйым педагогтар заттық-кеңістіктік дамытушы ортаның ұйымдастыру түрлері және әдістерімен танысу мақсатында №49 «Думан» бөбекжай-балабақшасында «Мектепке дейінгі балаларға арналған заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастырудың түрлері мен әдістері» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.

🔰Семинарды № 49 «Думан» б/б меңгерушісі А.Т.Саликова алғы сөзімен ашып, заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастырудың негіздерін түсіндірді. Қазіргі таңда жаңашылдық «ХХІ ғасыр тәрбиешінің кәсіби құзыреттілігі» бағытын балабақша әдіскері А.Т.Қазмұханбет талқылай түсті. Сондай-ақ, «Ой қозғау» әдісі арқылы «Мақал – сөздің азығы» интеллект ойыны, «Егжей-тегжейлі баяндау» тренингі, рольдік тимбилдингі жүргізілді.

🔰Бұл тақырыпқа бағытталған семинардың мектепке дейінгі тәрбиемен білім берудегі әріптестерімізге мол тәжірбие беріп айтарлықтай үлес қосары анық. Барлық қатысушыларға, семинар спикерлеріне белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз

3 сәуір күні №49 «Думан» бөбекжай-балабақшасы құзыреттілік орталығы мен «Әдістемелік кабинет» КММ жоспарына сәйкес «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен бірлескен «Отбасы клубы-мектеп жасына дейінгі балаларға этномәдени тәрбие берудің инновациялық моделі» тақырыбында семинар-практикум өткізді.

Бұл семинарда отбасы және мектепке дейінгі ұйымның арасындағы қарым-қатынас жүйесінің инновациялық моделін іске асыруда балабақша педагогтері тәжірибесін кеңінен таратты.

№ 49 «Думан» б/б меңгерушісі Саликова А.Т. «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыруда отбасылық мектептердің рөлі» атты баяндамасында атқарылған жұмыс жоспарын атап өтті.
Семинар практикумның тәжірбиелік бөлімінде «Ұлағат» әкелер шеберханасында, «Анам үйреткен…» аналар акедемиясында балалармен қолөнер бұйымдарын жасап көрсетті. Сонымен қатар «Ата сөзі-ұлт болмысы» аталар мектебінен өсиет және «Зере әже ізімен» әжелер мектебінен кеңес ретінде ұсынылды.
Отбасы құндылықтары қорғаным алаңында балабақша педагогтары кубизм, домино, гольф әдістерімен бірнеше ойын түрлері көрсетілді.
Семинар практикумды қорытындылай келе, көрсетілген практикалық жұмыстар тәжірбиеге пайдалануға ұсынылды.

https://www.instagram.com/p/C5VfAwpsB1W

🔹№49″Думан»бөбекжай-балабақшасы құзыреттілік орталығында «Әдістемелік кабинет» КММ жоспарына сәйкес «ECERS -3 шкаласын қолдау арқылы мектепке дейінгі ұйымның пәндік-кеңестік ортасын трансформациялау» тақырыбында мектепке дейінгі ұйым әдіскерлеріне арналған коучинг өтті.
🔹Коучингте балабақша меңгерушісі А.Т.Саликова заттық кеңістіктік ортаны ұйымдастыру жолдарымен таныстырып, тапсырмалар беру арқылы жүйеледі.
🔹Балабақша тәрбиешілері ойын технологиялары арқылы тәжірбиелерімен бөлісті.
🔹Коучинг соңында балабақша психологы «5-5-1» әдісімен қорытынды жүргізіп, келген әдіскерлер «коучинг жоғары деңгейге ұйымдастырылған» деген сөздерімен, жақсы пікірлерін айтты.

https://www.instagram.com/p/C53mNS1smeb

«Әдістемелік кабинет» КММ жұмыс жоспарына сәйкес №49 «Думан» бөбекжай-балабақша құзыреттілік орталығында белгіленген 15 мектепке дейінгі ұйым меңгерушілеріне арналған «Мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалау» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренинг барысында «ECERS-3 шкаласы-мектепке дейінгі білім беру сапасын тәуелсіз ұлттық бағалау жүйесі» атты баяндамасымен «Әдістемелік кабинет» меңгерушісі Г.У.Миндалина сөз сөйледі.
№49 «Думан» б/б меңгерушісі А.Т.Саликова балабақшада сапалы жағдай жасау барысында заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыру жолдарымен таныстырып өтті.
Іс-шара аясында «Біртұтас тәрбие» бағдарлама негізінде бүгін «Ұлттық мұра қазынам» ұлттық ойындар алаңы салтанатты ашылып, алаңда ұлттық ойындар ойнатылды.
Тренинг соңында қатысушылар өктізілген шара туралы жылы лебіздерімен ой-пікірлерін айтты.