Ақтөбе қаласы, № 49 «Думан» бөбекжай-балабақшасы
құзыреттілік орталығының 2023-2024 оқу жылы бойынша жүргізілген іс-шаралар есебі
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 01 шілдесінде «Озық педагогикалық тәжірибені тарату және енгізу үшін мектепке дейінгі ұйымдардың құзыреттілік орталықтарын құру» туралы бұйрығымен «Ақтөбе облыстық білім басқармасы» ММ 2023 жылғы 05 шілдедегі № 309 бұйрығына сәйкес №49 «Думан» бөбекжай-балабақшасы құзыреттілік орталығы құрамына енгізілді. «Ақтөбе қалалық білім бөлімі» ММ құзыреттілік орталығына 15 мектепке дейінгі ұйымдарын (№6 «Орман ертегі», №7 «Арман»,№13 «Бөбек», №15 «Жидек», №17 «Шұғыла», №18 «Гаухар», №21 «Кәусар бұлақ», №23 «Балауса», №24 «Аққу» №25 «Ерке», №27 «Айгөлек», №28«Көркем», №30 «Ұрпақ»,№31 «Күншуақ», №41 «Назерке») білім беру қызметтерінің жоғары сапасына кешенді көшуді жүзеге асыру, мектепке дейінгі сапалы білімге барлық балалардың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде үздік тәжірибелерін тарату және тәрбиешілердің кәсіби әлеуетін арттыру мақсатында бекітілді.
№ 49 «Думан» бөбекжай-балабақшасы2023-2024 оқу жылы аралығында құзыреттілік орталығының қызметін жүргізу жоспары құрылды.
Құзыреттілік орталыққа бекітілген мобильді 15 МДҰ педагогтері кәсіби дамуына бағытталған үздік іс-тәжірибе алмасу барысында «Әдістемелік кабинет» КММ мен «Мектеп жасына дейінгі балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беруде жеті аймақта қолданудың тиімділігі» тақырыбында педагогикалық ринг, МДҰ тәрбиешелеріне арналған озық педагогикалық тәжирбе таратты. «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» республикалық байқауының жеңімпазы Узакбаева С.Б. өзінің озық кәсіби тәжірибесімен бөлісіп «Заманауи тәрбиешінің бала тәрбиесіндегі жаңашылдығы» атты қалалық шебер класс ұйымдастырылды. Шебер класс квес технологиясымен ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті жүргізіліп, «Технологиялар шеруі» тақырыбында галерея жасақталды.
Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, әдістемелік тұрғыда қолдау көрсету үшін «Мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалау» МДҰ әдіскерлерге арналған семинар форматында әдістемелік күн өткізілді. Әдістемелік күнде дамытушы ортада ұйымдастырылған ойын іс-әрекетін бақылады. Қатысушыларды қызығушылық орталықтарына саяхат жүргізіп, «ECERS-3» шкаласымен педагогпен балалардың іс-әрекетінде бағалау парақтарымен жұмыстанды. Оқыту мен тәрбиедегі жаңашыл өзгерістерді сапалы атқару ұсынылды.
«Мектепке дейінгі балаларға арналған заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыруды түрлері мен әдістері» МДҰ меңгерушілеріне арналған қалалық тренинг, «ECERS-3» шкаласын қолдау арқылы мектепке дейінгі ұйымның пәндік-кеңестік ортасын трансформациялау» МДҰ әдіскерлеріне арналған коучингінде мобильді 15 МДҰ педагогтеріне кеңестік, бағалау парақтар таратылып, педогтар тәжірбиелерімен бөлісті. Пәндік-кеңістіктік ортаның өзін-өзі бағалауының нәтижесін талдай отырып, тыныш кеңістік буккроссинг, театрландырылған, музыкалық және бейнелеу қызметін, шулы ойын алаңдарын, спорт бұрышын, үлкен құрылыс материалдары бар ойындарын, «оқшауланған бұрыштарын» жеткілікті жұмсақтықпен жабдықталған жастықтар, күрпелер, кілемдермен, әр белсенділік орталығын қоршауға арналған ширмалармен жабдақтауға бағыт берілді.
Балабақша меңгерушісі Саликова А.Т. Ақтөбе қаласы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың құзыреттілік орталығының бірлестігінде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың дамыту моделін іске асыруда мектепке дейінгі білім берудегі басқару және менеджмент» тақырыбында семинарға қатысып мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту мен жетілдіру бағыттарын сапалы т үрде қаматамссыз ету жолдарын талқылады.
Сонымен қатар «Өрлеу» БАҰО «Әдістемелк кабинет» КММ бірлескен облыстық деңгейде «Мектепке дейінгі балаларға арналған заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыруды түрлері мен әдістері» облыстық семинар, «Отбасы клубы-мектеп жасына дейінгі балаларға этномәдени тәрбие берудің инновациялық моделі» семинар практикум өткізілді. Отбасылық «аталар»,«әжелер», «аналар», «әкелер» мектептерімен жүргізген жұмыстарын көрсетіп,жоспарлар ұсынылды.
Ақтөбе қаласындағы жеке мектепке дейінгі ұйымның педагогтеріне «Педагогтерді аттестатаудан өткізу қағидалары мен шарттары» тақырыбында отырыс ұйымдастырылды.
2023-2024 оқу жылы аралығында атқарылған құзыреттілік орталығының қызметін қорытындылау кезеңде мобильді 15 мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен педагогтеріне кері байланыс алу, өткізілген жұмыстарын бақылау мақсатында сауалнама жүргізілді .