«Бейнелеу өнері» қосымша білім беру қызметі мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілеріне арналған. Мақсаты:
Балалардың шығармашылық қиялын дамыту, эстетикалық талғамын қалыптастыру, қол қимылдарының үйлесімділігін жетілдіру, түрлі түстерді ажыратып, өз ойларын бейнелі түрде жеткізе білуге үйрету. Сонымен қатар, балалардың ұсақ моторикасын, кеңістік сезімін, шығармашылық еркіндігін және эмоционалды сезімталдығын дамыту.
